Елдің елдігі мен еркіндігін айшықтайтын мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұранымыздың қабылданғанына биыл 30 жыл. Тарих парақтарымен салмақтағанда қас-қағым сәт болғанымен жеткенжетістіктеріміз ғасырға татырлық. Әлемдік ареналарда, спорттық олимпиадаларда да көкбайрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалуда. Бұл үлкен мақтаныш. Салтанатты мерекелік шараға қатысқан Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, жеткен жетістіктерімізді дәріптеді.
Салтанатты шарада аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонан соң ауданның патриот жастарының ұйытқы болуымен бастау алған авто шеру арқылы бүгінгі айтулы күннің қуанышы мен қасиеті ұғындырылды. Көңілдің кіршіксіздігі іспеттес көк байрағымызды көліктеріне іліп, көшелерді аралап, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Тұғыры берік туымызды, айбыны асқақ әнұранымызды, еліміздіңтәуелсіздік жолындағы тарихынан сыр шертетін Елтаңбамызды қастерлеу әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Бүгінгі өткізілген шараның өскелең ұрпақтың бойындағы тәлім-тәрбие мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеп, молайтуда өз септігін тигізері даусыз дейді,- ұйымдастырушылар.