Махаббат Құдайбергеннің енді өз баспанасы бар. 17 жастағы бойжеткеннің  қуанышында шек жоқ. Ата-анасынан ерте айрылған жас ару үй алу кезегінде тұрған. Бірақ ешбір себепсіз кезегі кейінге қала беретін. Алайда қалалық прокуратураның нақты іс-әрекеттерінен соң қолына пәтердің кілтін алды. 

МАХАББАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН  - БАСПАНА ИЕСІ 

-Үй кезегіне 2012 жылы тұрғанбыз. 2017 жылы баспанаға қолым жетті. Бірақ белгілі себептермен ол кезде ала алмадым. Қазір өз үйімнің кілтін алдым. Қуаныштымын. Әрбір қазақ баспаналы болсын деп тілеймиін.

 Бұл пәтерлер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастарға осыдан бірнеше  ай бұрын тапсырылуы тиіс еді. Алайда жауапты  шенеуніктер берілу мерзімін себепсіз кейінге қалдырып отырған.  Осындай олқылықтарға жол бергендерге  әкімшілік айыппұл салынып, сөгіс берілген. 

КҮМІСХАН ТАҢАТОВ  -ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Түркістан қалалық прокуратурасы заңдылықтарды үнемі бақылау ұстайды. Оның ішінде тұрғын үйлерге байланысты заңдылық біздің басты назарымызда...

Ата-анасыз қалған балаларға арнап  берілген 40 пәтер  жиһазбен жабдықталған. Тұрмысқа керекті заттармен де толықтырылған. Енді олар өз үйінде бақытты ғұмыр  кешсе болады.