Exitpoll Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды. Оны үш ұйым жүргізген. Нәтижелері бір-біріне ұқсас. Мысалы, «Қоғамдық пікір» институтының мәліметінше, қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Ал, референдумге қатысушылар 70,1 пайыз. Ұйым өкілдері 600 учаскеде сауалнама жүргізген. Сұрауға 24 мың адам қатысқан. Ал, Демократия институының ақпаратынша, референдумға халықтың 66,3 пайызы қатысқан. 20,6 пайызы қарсы болса, 79,4 пайызы қолдаған. Ал, Социс-А ұйымы дауыс берушілердің 76,7 пайызы өзгерістерді қолдағанын хабарлады. Ал, 23,3 проценті қарсы болған. Дауысберуге халықтың 67,5 пайызы қатысқан.
Exitpoll Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды
