Үшемдер Сарыағаш қаласындағы Тойшиевтер отбасында дүниеге келіп отыр. Осы отбасының келіні Ақбөпе Кеңесова сәбилерін Шымкент қаласындағы ауруханада өмірге алып келген. Яғни үш қыз.  Оларға Ардана, Елдана, Нұрдана деп есімдері қойылыпты. Үш қыздың әжесі Рысқал Құралова әр отбасыда осындай үшемдер дүниеге келіп, шаттық бола берсін деп қуанышымен бөлісті.

Ардана, Елдана, Нұрдана деп есімдерін қойғанымызбен, үшемдердің қайсысы Ардана, қайсысы Елдана екендігін ажырату оңайға соқпай жатыр дейді,-әжесі.

Бақыттан басы айналып жүзінен күлкі кетпей тұрған Рысқал Құралова–бастысы балапандар өмірлі, елге қызмет ететін азаматшалар болып өсе берсін деп ақ тілегін жаудырды.