Дәстүрлі спартакияда жалпы спорттың 6-түрін қамтып отыр. Ол шағын футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат, бильярд және үстел тенисі түрлері. Бүгін БАҚ өкілдері шахмат пен волейболдан өзара мықтыларды анықтайтын болады. Спорттық сайыстың ашылу салтанатына арнайы келген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан журналистерге сәттілік тіледі.
Биылғы спартакияда бір минут үнсіздіктен басталды. БАҚ өкілдері еше ғана дүниеден озған Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбековты үнсіздікпен еске алды. Айтқандай өңір журналистикасының атасы саналған ел ағасы ширек ғасыр бұрын осы жарысты ұйымдастырып содан бері спартакияда жалғасын тауып келеді.
Жылына бір рет өтетін сайысқа барлық команда қызу дайындықпен келген.Әр ойынның өту тәртібі мен ережелері нақты бекітілген. Спартакиада жалауы көтеріліп жарыс басталды. Оған12 команда қатысып ойынды қыздыруда. Бұл жарысқа биыл бірінші рет қатысып жатқан командаларда бар Солардың бірі NAR tv телеарнасының ұжымы.
БАҚ өкілдері арасындағы спартакияда үш күнге жалғасатын болады. Жеңімпаз командалар мен жеке ойыншыларға жарыс соңында арнайы кубоктар мен ақшалай сыйлық табысталады. Журналистердің спорттағы қабілетін тамашалаймын дегендер мегаполистегі Қажымұқан стадионына келіп жанкүйер бола алады.