Балабақшада тамақтану тәртібі қандай? Тәрбиешілер балалар бойына дұрыс тамақтану әдетін қалай қалыптастырады? Балалар бойына жеткілікті дәрумендер мен минералдарды тамақтан алуы тиіс. Сондықтан ас мәзірі де арнайы диетолог мамандармен мезгіл ерекшеліктеріне байланысты түзіледі.

Тамақтанудың арасы 3,5-4 сағат болуы керек. Қосымша жеңіл-желпі тісбасарлар да арасында беріліп тұрады. Балабақшадағы ас мәзірі санитарлық талаптарға сай бекітілген бұйрықпен түзіледі. Баланың бойына күнделікті қажетті мөлшердегі өнімдер толық қамтылуы тиіс. Мәзір ақуыз бен майға да, балық, сүт, ет өнімдеріне, жеміс-жидектерге толы болуы керек. 

Соңғы уақыттарда балалар ерте жастағы балалар арасында кей тағам өнімдеріне реакция, аллегрия өршіп кеткен. Дұрыс тамақтану тәртібінің ас мәзірін әзірлемес бұрын аллергия тудыратын өнімдерді сондықтан алып тастайды екен. Балалар үшін таңғы асқа ботқа өнімдері пайдалы әрі дәмді болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан балабақшаларды лицензиялау басталады. Сонымен қатар, президент Қасым Жомарт Тоқаев  биылғы жолдауында тәрбиешілердің біліктілігін арттырып, аттестациялаудан өткізу керек деген болатын. Жалақы мәселесі де сөз болды.