Ордабасы ауданындағы Боралдай және Қызылсеңгір ауылына газ берілді. Осылайша қос елді мекендегі мыңға жуық халық талайдан бері армандап келе жатқан көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы екі ауылға газ беріледі. Сонда көрсеткіш 19 пайыздан асады. Ал, болашақта аудан халқы толық газ игілігін көретін болады,деп атап өтті халықтың қуанышына ортақтасқан  аудан әкімі Нұрбек Бадырақов.  Алыстағы екі ауылдың осылашйа бір күнде газ құбырына қосылуы Мемлекет Басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларының мүлтіксіз орындалып жатқанының тағы бір айқын дәлелі болса керек. 

Күлшат апайды былайғы жұрт «Ел жанашыры» деп атайды.Алтын құрсақты ана жасына қарамай ауылдағы мәселені айтып, билік пен халық арасында дәнекер болып жүр. Боралдайдағы ауыз су мен жол, жарық, тіпті бүгінгі газдың да берілуіне осы кісінің тікелей септігі тиген.Осы ауылға келін болып түскенін жарты ғасырдан асқан әжей, бүгінгі жастар қиындық көрмей, жайлы ортада өссе екен, деп тілейді. 
Қызылсеңгір аудандағы ең шалғай елді мекендердің бірі.Табиғаты шұрайлы ауыл халқынының негізгі күн көріс көзі мал мен егін шаруашылығы.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасы аясында  жұрт аудан әкімімен кездескенде көгілдір отын мәселесін көтерген еді.Тұрғындардың сол тілегі бүгін орындалды. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қос ауылға газды өз қолымен ашып берді.  
Ордабасы ауданында 124 мыңнан астам халық тұратын 57 ауыл бар. Дегенмен күні бүгінге дейін оларды газбен қамту деңгейі көңіл көншітпейтін. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде шалғайдағы екі ауылға газ берілсе жыл соңына дейін тағы қос ауыл халқы қуанышқа кенелмек. Қазір ауданда құны 12 миллиард теңгеден асатын 22 елді мекенге табиғи газ жүйесінің құрылысы жүріп жатыр екен. Келер жылы көрсеткіш 45 пайызға жетсе, алдағы кезеңде Ордабасылақ  толық көгілдір отынмен  қамтылатын болады. 
Аудан әкімінің тапсырмасымен аудандағы 57 елді мекенді тиісті сала мамандары аралып, ауылдағы қордаланған мәселелер бойынша талдай жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде арнайы жоспар жасалып кезек күттірмейтін мәселелерді тездетіп шешуді қолға алыпты.
Ауылдарға жол төсеу мәселесі де өзекті. Оған қоса ауылдарды   сапалы жарықпен қамту жобасы да жасалған. Бір сөзбен айтқанда бес жылдық жоспар жан-жақты сараланып барып түзіліпті.Қос елді мекенге арнайы келіп, көпшіліктің қуанышына ортақтасқан аудан әкімі ауылдағы өзге де мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.