«Жасөспірім» іс-шарасының екі тәулігінде 400-ден аса құқық бұзушылық анықталды. Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен БАҚ-нын тарта отырып, "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 19-21 қыркүйек аралығында өткен шара Нәтижесінде облыс аумағында іс-шарасының екі тәулігінде ювеналды полиция қызметкерлері 412 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 22 құқық бұзушылық анықталды. Ал жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Қоғамдық орында мас күйінде болу» бойынша 13 құқық бұзушылық тіркелді. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болған 35 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оған қоса ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы» 331 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шарасы қаралды. 
 «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу және жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылды. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарды (кафе, компьютерлікойындар, саябақтар, аулалар) және басқа да орындарды тексереді. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері аталмыш іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізіліп жатқанын хабарлайды.