Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл электр стансалары мен жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына 384 млрд теңге бөлінді.
Қаражат электр стансаларының негізгі жабдықтарын күрделі жөндеуге әрі жылу желілерін жаңартуға бағытталады. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр желісі, 420 қосалқы станса мен 323 шақырым жылу желісі жаңартылды. Жаңа жобалар жүзеге асып, электр стансаларының тозу деңгейі төмендеп, технологиялық ақаулар азайды. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар елдегі энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.