Волонтерлік ұйымдарының көшбасшылары жазғы мектепте бас қосты. Дәстүрлі жиында шымкенттік 100-ден астам жас спикерлерден дәріс алып, ұлттық ойындардан бақ сынасты.


Жазғы мектепті «Халықаралық волонтерлер жылы» аясында Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мегаполистің 9 жоғары оқу орнының 100-ге жуық белсенді жасы, волонтерлік ұйымдардың көшбасшылары мен қоғам белсенділері жиналды.


ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қаламыздағы 25-тен астам жастар ұйымы, волонтердік топтар болса, соның 12 мыңнан астам мүшесі бар. Солардан іріктелген жастар қатысып отыр. Әрбір волонтерлік топтың өкілдері бар, басшылары бар. Сонымен қатар, жастар ұйымдары мен университет қабырғасынан әртүрлі топтар жиналды.


 Дәстүрлі жиын аясында қатысушыларға тәжірибелі спикерлердің қатысуымен мазмұнды семинарлар ұйымдастырылды. Жастар садақ ату, асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту бойынша өзара бақ сынасып, ұйымшылдық пен белсенділіктерін көрсетті.


 МЕРЕЙ АСҚАР, СТУДЕНТТІК РЕКТОР
 Барлық жан-жақтан жиналған көшбасшылардың дағдыларын одан сайын шыңдап, оларды бір ортаға қосып, жаңа орта қалыптастыру бүгінгі жазғы мектептің мақсаты. Осындай жаңа ортаға қосылып, жаңа достар тауып жатқаныма қуаныштымын. Ойындардан алған инсайт деп жатамыз ғой, жеңіске жетудің бірден-бір жолы жақсы тактика ойлап табу жәнеде көшбасшылардың бір-бірінен асып түсетінін біле тұра, бір-біріне қолдау білдіре алуы.


Сондай-ақ, аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов жастармен емен-жарқын сұхбат құрып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек кешкі уақытта еркін форматтағы кездесуге қатысып, волонтерлік қозғалысты дамыту, жастар саясаты және қоғамдық бастамаларды қолдау мәселелері бойынша ашық пікір алмасты.


ӘКІМЖАН ӘБДӘКІМОВ, ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл іс-шарада жастар бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдасытрылып отыр.Екі күндік бағдарлама ертең таңертең жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында тау бөктерінде тазалық жұмыстары ұйымдастыралады.


Екі күнге созылған шарада қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Әбдәкімов белсенділік танытқан қатысушыларды қала әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапаттады. Кешкі бағдарлама аясында қатысушыларға арнайы концерт ұйымдастырылды.