Былтыр Қазақстанның жоғары оқу орындарында әлемнің 88 елінен келген 35 мың студент білім алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазақстанда білім алуға деген қызығушылықтың артуына білім беру қызметтерінің қолжетімді құны, елдің тиімді географиялық орналасуы, ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының кеңеюі, сондай-ақ медицина, инженерия және ақпараттық технологиялар салаларындағы мамандарға деген жоғары сұраныс ықпал етті. Бүгінде Қазақстанда Cardiff University, Coventry University Kazakhstan, сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей, Қытай, Франция және басқа да елдердің жоғары оқу орындарының 30-дан астам филиалы жұмыс істейді.