Түркістанда Адам саудасына қарсы күрес күніне орай ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, «Сана сезім» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен еріктілер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері көтерілді. Акция аясында Түркістан халықаралық әуежайында және адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға адам саудасының қаупі, оның белгілері мен сақтану жолдары түсіндірілді. Полицейлер адам саудасына қатысты құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертті. Акция барысында тұрғындарға 100-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.