Наурыз айынан бері «Мөлдір бұлақ» экоакциясына 24 мың азамат қатысты. Олар ел аумағындағы 94 бұлақ пен 62 су айдынын тазартты. Акция аясында су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы – «Болашақтың қайнары» құрылды.
Еріктілер қозғалысы Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеп келеді. Қысқа уақыт ішінде «Мөлдір бұлақ» экоакциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосып, бұлақтардың табиғат үшін маңызын кеңінен насихаттады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақстандықтар бұл бастаманы белсенді қолдап, өз күштерімен бұлақтардың көзін ашу, қалпына келтіру, қоқысты тазалау және көшет отырғызу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Акция барысында су ресурстарын сақтауға бейжай қарамайтын жастарға ерекше мән берілді.