Жаз мезгілі – тамақтан улану мен жіті ішек инфекциялары жиілейтін кезең. Шымкентте биылғы жылдың алғашқы алты айында жұқпалы аурулар ауруханасында жіті ішек инфекциясымен 231 науқас ем қабылдаған. Сондай-ақ, жазда бұзылған жеміс-жидекті тұтынудан дизентерияның таралу қаупі де артады. Қалада жыл басынан бері дизентерияның 16 жағдайы тіркелсе, оның 13-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған.

Биыл Қаратау ауданында ботулизмнің бір жағдайы тіркеліп, үш адам зардап шекті. Мамандардың мәліметінше, науқастар үй жағдайында консервіленген өрік шырынын тұтынғаннан кейін ауырған. Сондай-ақ, осы ауданда жіті ішек инфекциясының бес жағдайы тіркелді. Күдікті тағамға байланысты жеке кәсіпкерге тиесілі фаст-фуд әзірлейтін тамақтану орнына тергеп-тексеру жүргізілді. Нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталып, жедел ден қою шаралары аясында нысан қызметін, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерін уақытша тоқтату туралы қаулы шығарылды. Тергеп-тексеру барысында санитариялық-гигиеналық талаптардың бірқатар бұзылғаны анықталды.

АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жеміс-жидек маусымында дұрыс жуылмаған немесе толық піспеген өнімдерді тұтынудан жұқпалы ішек инфекцияларын жұқтыру қаупі артады. Сонымен қатар, шомылу кезінде лас су арқылы да жұқпалы аурулар таралуы мүмкін.