Шымкент қаласында госпитальдық фармация бөлімшелерін ашу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Бұл жүйе дәрілік заттарды тиімді басқаруға, олардың қауіпсіз әрі ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін қаладағы сегіз медициналық ұйымда госпитальдық фармация бөлімшелері жұмыс істеп келген. Енді тағы үш медициналық ұйымда жаңа бөлімшелер ашылды. Алдағы уақытта тағы бір медициналық ұйымда осындай бөлімшені іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа бөлімшелер қалалық Психикалық денсаулық орталығында, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және «Хадиша» клиникасында ашылды. Госпитальдық фармация бөлімшелерінің қызметі дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіруге, дәрілік терапияның қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.