Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған үш жаңа міндетті курс оқытыла бастайды.


Енді 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» курсын меңгерсе, 8–11-сыныптар «Заң және тәртіп» пәнін оқиды. Ал 5–11-сыныптардың барлығына арналған «Жеке қауіпсіздік» курсы мектеп бағдарламасының міндетті бөлігіне айналады. Бұдан бөлек, «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны Жаңа Конституция талаптарына сай жаңартылып, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі. Жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа заңды, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру,-дейді мамандар.