Енді қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың диагностикадан бастап емдеуге дейінгі жолы толықтай цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмектің жаңартылған стандартын енгізбек.


Жаңа цифрлық жүйе тексеріс пен диагноз қойылғаннан бастап, медициналық көмек алғанға дейінгі кезеңді бақылап, жіті қадағалайды. Жаңа жүйе арқылы ауыр дертке шалдыққан науқастар кеселді дер кезінде анықтап, ем-дом шараларын жедел түрде бастайды. Бұл формат онкологиялық дертпен күресте ерекше рөл атқарады,-дейді мамандар.