Қазақстанның автоөнеркәсібі жаңа кезеңге қадам басты. Биыл еліміздегі автозауыттарда 190 мың көлік шығару жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстандағы автомобиль жасау саласы тұрақты дамып, өндіріс көлемі айтарлықтай артқан.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында елде 94 мың 400 көлік құрастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Ал мамандар өндірістің нығаюына инвестициялық қаражат серпін бергенін айтады. Себебі, соңғы бес жыл ішінде салаға 457 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазір бұл бағыта 10 мыңнан астам адам еңбек етеді.