Алаяқтар зейнеткерлерге хабарласып, шетелге арзан саяхат ұсынған. Ұсынысқа сенген 8 зейнеткер әккілердің арбауына түсіп, 4 миллион теңгесінен айырылған. Тергеу барысында істің мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.
Жиналған дәлелдер негізінде қылмыстық іс сотқа жолданды. Полицияның жұмысына ризашылығын білдірген зейнеткерлер істің әділ шешілуіне ықпал еткені үшін алғыс айтты. Полиция азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады. Ақша аудармас бұрын қызмет көрсетуші компания туралы ақпаратты тексеріп, ұсыныстың шынайылығына көз жеткізу қажет.