Сауран ауданында 350 жасөспірімге есірткінің зияны түсіндірілді. Полицейлер сауықтыру лагерінде демалушыларға арналған «Есірткісіз болашақ» профилактикалық акциясын өткізді. Кездесуде психотроптық заттардың адам денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері айтылды.
Қатысушыларға 16 жасқа толған азаматтардың есірткіні сақтағаны, тасымалдағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сондай-ақ граффити арқылы есірткіні жарнамалау және интернетте есірткіге қатысты сайттар мен сілтемелерді тарату да заңмен қудаланатыны түсіндірілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.