Қазақстандықтардың 44,5%-ы дене шынықтырумен айналысады. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше балалар мен жасөспірімдердің 34,6%-ы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. 4 пен 17 жас аралығындағы 228 мыңнан астам бала 7 мыңға жуық спорт секциясына тегін қатысып жүр.
Президент тапсырмасы бойынша жаттықтырушылық қызмет, спорттық медицина, спорттық аналитика және менеджмент салалары үшін маман даярлайтын Қазақ ұлттық спорт университеті жұмысын бастады. Еліміз бойынша 26,5 мың спорт нысаны жұмыс істейді. Биылдың өзінде 34 жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның 21-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 87 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған.