Келес ауданында тұрғындарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндірілді. Полицейлер адам көп жиналатын мешіттерді аралап, «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Кездесу барысында 200-ге жуық тұрғынға интернет алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жеке деректерді, банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігі ескертілді.