Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

 Кездесуде Шымкентте Францияның виза орталығын ашу жоспары да сөз болды. Бұл бастама қала тұрғындары үшін визалық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, іскерлік, білім беру, туризм және мәдени байланыстардың дамуына жол ашады. Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді серіктестікті нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.