Түркістандық полицейлер жергілікті блогерлермен бірлесіп рейд өткізді. Тексеру барысында шетелдік тіркеудегі көліктердің заң талаптарына сай пайдаланылуы қадағаланды.
Рейд кезінде ел аумағында белгіленген тәртіппен тіркелмеген Toyota Alphard, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Toyota Camry және BMW маркалы бес автокөлік анықталды. Көлік жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге шетелдік тіркеудегі автокөліктерді пайдалану тәртібін түсіндіріп, оларды уақытылы тіркеудің маңызын ескертті.