Шымқала кештері жалғасуда. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған кезекті ашық аспан астындағы концерт «Shym City» саябағы мен «Этноауыл» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жанды дауыста орындалған әндер жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.


Мегаполистің мәдени өмірін жандандыруға бағытталған «Шымқала кештері» жобасы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мәдени шарасына айналды. Ашық аспан астындағы концерттер көрерменге өнерпаздардың шығармашылығын тамашалап, бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беруде.


ЖАНДАРБЕК ҚАЙЫРБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Апта сайын қала тұрғындарын және қонақтарын қуанту мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Шымқала кештері» жоғары деңгейде өтіп жатыр. Халық та көрермен де риза. Осыған көңіл бөліп, халықтың жағдайын ойлап жатқан қала басшысына көп алғыс айтамын.


«Шымқала кештері» – өнер мен мәдениетті, спорт пен шығармашылықты тоғыстырған ерекше жоба. Іс-шара мегаполистің кешкі тынысын жандандырып, қаланың мәдени өміріне тың серпін беруде.


АЙНҰР ӘБІЛДАЕВА, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ
Қаламызда маңызды нысандар мен халық көп жиналатын орындарда сенбі, жексенбі күндері дәстүрлі түрде концертіміз болып жатыр. Сол концерт өтіп жатыр. Халық риза деп ойлаймын.


 Жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Сонымен қатар тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі әсерлі өткізуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл жолы «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері «Shym City» саябағы мен «Этноауыл» тарихи-мәдени кешенінде өнер көрсетті.


ҚУАНЫШБЕК ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
 Халық керемет көңіл күйде. Концерт қалада бой көтерген керемет этноауылда өтіп жатыр. Шымкент күннен күнге дамып жатыр. Халықтың ізгі ниеті мен ықыласы керемет. Кеш көңілді болсын!


Айта кетейік, түрлі жастағы көрерменнің көңілінен шыққан «Шымқала кештері» жобасы күзге дейін жалғасады. Қала саябақтарында өтетін мәдени іс-шаралар тұрғындар мен қонақтарға жазғы кештерді мазмұнды әрі әсерлі өткізуге мүмкіндік береді.