Шымкентте егін жинау науқаны басталды. Биыл қала аумағында 20 мың гектардан астам жерге дәнді дақылдар егілген. Дайын өнімді алу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау аса маңызды. Іске кіріскен шаруаларға төтеншеліктер түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мегаполис аумағында егістікке арналған жер көлемі үлкен емес. Десе де, биыл 21 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Шаруалар құралдарын сайлап дайын өнімді жинауға кірісті. Биыл 81 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр.
САҒДАТ МАХАНОВ, АУЫЛ ШАРУАШЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Оның ішінде дәнді дақылдар 6,4 гектар егілген болса, бүгінгі таңда 65 пайызға дейін өнімді жинау жүргізілген. Одан бөлек майлы дақылдар егілген 3 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 9,8 мың гектарға. Бұл егістіктерге жыл сайын мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оның ішінде тыңайтқышы бар, одан бөлек өнімді жинауға, егуге мемлекеттен берілетін жанармай жеңілдетілген бағамен.
Егін жинау науқаны бұл тек дайын өнімді алу ғана емес, өрттің қауіпті кезеңі. Шілденің аптап ыстығы мен ауыл шаруашылығы техникаларынан шығатын ұшқын үлкен апатқа ұласуы мүмкін. Сондықтан, төтеншеліктер шаруаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, жадынамалар таратты.
РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ору жұмыстарын жүргізетін комбайндар өзінің алғашқы өрт сөндіру құралдарын алдын-ала қарап, толып тұрғанын, зарядталғанына көз жеткізу керек. Кемінде 100 литр су болу керек жанында, сонымен қатар, жұмыс жүргізу кезінде комбайның искрогасительдері қасында тұрған,моторларын алдын-ала қарау жұмыстарын жүргізу қажет.
Төтеншеліктердің айтуынша, өткен жылы 50 гектарға дейінгі аумақта орман-дала өрті орын алған, егістік алқапта дәнді-дақылдарды жинау қызыл жалынсыз өткен. Ал, биыл жыл басынан бері дала және егістік аумақта өрт оқиғасы тіркелмеген.