Қазақстанда шығармашылық сала өкілдеріне арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылды. QazaqCreative енді креаторларға мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін бір жерден алуға мүмкіндік береді.


 Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жаңа жүйе шығармашылық саласының мамандарына арналған. Платформа арқылы пайдаланушылар жеке парақша ашып, өз жобалары  жайлы ақпарат орналастыра алады. Сондай-ақ мұнда қаржыландыру бағдарламаларына өтінім беруге әрі қажетті кеңес алуға мүмкіндік бар. Креативті алаңда білім беру курстары, салалық байқаулар мен түрлі іс-шаралар туралы ақпарат жинақталған. Мамандардың айтуынша, бұл бастама сала өкілдерінің мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа жобалардың дамуына жол ашады.