Елімізде 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді заңсыз әкелуге қарсы жаңа талаптар күшіне енеді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті мемлекеттік органдарға 10 күн ішінде бұл бағыттағы заңсыз әрекеттердің жолын кесуге арналған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.
Мамандардың сөзінше, елге заңсыз әкелінетін көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы жаңа талаптарға өзгеріс енгізу қажет.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ
Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуға тиіс.