Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған науқасқа жоғары технологиялық күрделі операцияны сәтті жасады. Ауыр халде жеткізілген науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, бірнеше кезеңнен тұратын ем жүргізілді.

Алғашқы кезеңде науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды тұрақтандыру үшін жамбас сүйегі мен оң жақ сан сүйегіне сыртқы фиксация аппараты орнатылды. Жалпы жағдайы жақсарғаннан кейін екінші кезеңде аппарат алынып, жамбас пен сан сүйектеріне бір мезгілде күрделі реконструктивті операция жасалды. Ота барысында жамбас сүйектері арнайы пластиналар мен бұрандалардың көмегімен анатомиялық қалпына келтіріліп, сан сүйегіне интрамедуллярлық остеосинтез жүргізілді. Мұндай жоғары технологиялық операциялар тәжірибелі мамандардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді жұмысын талап етеді. Дәрігерлердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде науқастың аяқ-қолының тірек қызметі қалпына келтіріліп, сүйектердің дұрыс бітуіне мүмкіндік жасалды. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ол ауруханадан шығарылып, оңалту кезеңін бастап кетті.