Тазалық – қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен қоғам мәдениетінің көрсеткіші. Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді.


 Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі тазалық жұмыстарының барысы талқыланды. Жауапты мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзған азаматтарға бақылау шаралары күшейтілген. Нәтижесінде қоқысты бей-берекет шашқаны үшін 4 мыңнан астам адамға әкімшілік хаттама рәсімделіп, 135 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Тұрғындардан түскен өтініштер де назардан тыс қалмайды. Өңірде «Таза Қазақстан» арнайы Telegram чат-боты арқылы 1300-ден астам хабарлама келіп түскен. Жауапты басқарма өкілдері арыз-шағымдарды жіті қарап, алдағы уақытта мәселені бір жолға қоятындарын айтады. Ал облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.


ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
 Облыста қоғамдық орындарда тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында бақылау жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы бойынша 4719 әкімшілік хаттама толтырылып, 135,4 млн теңге айыппұл салынған. Оның 87,9 млн теңгесі өндірілген. Ал Кодекстің 505-бабы бойынша 4 941 хаттама рәсімделіп, 31,5 млн теңге айыппұл салынып, 22 млн теңгесі өндірілген