Түркістан облысында жаңа оқу жылында 568 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Оның 50 мыңға жуығы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер.
Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Биыл оқулық сатып алуға облыстық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік осал санаттағы 60 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алуға қаржы қарастырылған. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын жылыту маусымына дайындау, 110 нысанды табиғи газға көшіру мен мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жауапты мекемелерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайындық жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.
ҒАЛЫМЖАН ОРЫНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Түркістан облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау 29 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бүгінгі таңда оқушылардың 44 пайызы құжат тапсырды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау электронды веб-порталдар арқылы жүзеге асырылып жатыр.