Түркістандық көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірді жасырып, жылдамдықты тіркейтін камералардан жалтармақ болған. Полицияға Шымкент – Самара автожолындағы жылдамдықты тіркейтін бейнебақылау жүйесінен хабарлама түскен. Соның негізінде сақшылар Түркістан қаласына бағыт алған Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік нөмірге қолдан ашылып-жабылатын тетік орнатқаны анықталды. Ол құрылғының көмегімен нөмірді қажет кезінде жасырып, жауапкершіліктен жалтаруды көздеген. Құқық бұзушылыққа байланысты көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.