Қазақстандықтарға цифрлық мемлекеттік қызметті пайдалану мүмкіндігі жеңілдейді. Енді eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu қосымшалары тарифсіз режимге көшіп, ұялы байланыс пакеті таусылған жағдайда да жұмыс істей береді.


 Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі мәлімдеді. Айтуынша, қазір әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистердің қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.Жаңа бастама мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін оңайлатып, цифрлық мүмкіндіктердің ауқымын кеңейтпек.Мұндай әлеуметтік маңызы бар сервистердің қолжетімділігін арттыру – заманауи цифрлық қоғамды қалыптастырудағы маңызды қадам, – дейді мамандар.