Жаңа конституцияға сәйкес енді азаматтардың жеке деректерін, отбасылық құпияларын рұқсатсыз жариялағандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жыл басынан бері Шымкентте дербес деректерді бұзу бойынша 11 факті тіркеліп, қылмыстық кодекстің 147 бабына сәйкес іс қозғалған. Яғни, сіздің видео-фото материалыңызды, отбасылық құпияңызды кімде-кім келісімсіз әлеуметтік желіге жарияласа, полицияға шағымдана аласыз.
БЕКЖАН ДОШМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
– «Азаматтардың жеке деректерін оның рұқсатынсыз масс-медияда жарияласа ҚР ҚК 147 баптың 5 бөлігіне сәйкес 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.»