Жыл басынан бері елімізде 250 мың жұмыссыз қазақстандық жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Оның 96 мыңы тұрақты жұмыс тапқан. Бұл - бұрынғы жылдармен салыстырғанда тұрақты жұмыспен қамтылғандар санының артқанын көрсетеді.
Биыл мерзімді жұмысқа орналасқандардың саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін азайды. Есесіне тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі артқан. Бүгінде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 3%. Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру және азаматтардың кәсіби біліктілігін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.