Қазақстанның энергетика саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қарқын алып келеді. Енді дрондар мен жасанды интеллект энергетикадағы ақауларды анықтауға көмектеседі.


 Заманауи жүйелер аэрофототүсірілім мен тепловизиялық бақылау арқылы жиналған деректерді автоматты түрде талдап, қателікті дер кезінде анықтайды. Тіпті, бөгеттердің тұтастығын бақылап, қауіптің алдын-алады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, цифрлық мониторинг пен жасанды интеллектті енгізу энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, өндірістік процестердің тиімділігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін күшейтуге ықпал етеді.