Жаз мезгілінде судағы жазатайым оқиғалардың қаупі артады. Ішкі істер министрлігі шомылу маусымында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

 Шомылу тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Мас күйде суға түсуге, бейтаныс жерлерде сүңгуге және өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға болмайды. Сондай-ақ, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажет.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
 Демалыс кезінде қоғамдық тәртіпті сақтап, табиғатқа ұқыпты қарап және қоқыс қалдырмаңыздар. Егер судағы төтенше жағдайдың немесе жазатайым оқиғаның куәсі болсаңыз, сондай-ақ біреуге көмек қажет екенін байқасаңыз, бұл туралы дереу жедел қызметтерге хабарлаңыз.