Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды. Тексеру барысында Түлкібас ауданында 12 шетел азаматының экскаватор және жүк автокөлігімен заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізгені анықталды.

Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін қабылдаушы тарапқа да әкімшілік шара көрілген. Тәртіп сақшылары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы іс-қимыл бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.