20 шілде күні Эстонияның Таллин қаласында нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге 17 мемлекеттен 85 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтап жатыр.
Қазақстан құрамасының мүшесі, шымкенттік Валат Мұсаев жасөспірімдер арасында 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысанаға атудан үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз жеңістің оңай келмегенін айтып, қолдау көрсетіп, сенім артқан барша жанкүйерге алғысын жеткізді.