«Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы қатаң бақылауда». Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясына қатысқан өңір басшысы осылай деді. Жиында «2026–2028 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың өткен жылы қабылдаған шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мағауия Тұрысбеков комиссияның қорытындысын таныстырды. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді мақұлдап, тиісті шешім қабылдады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат депутаттарына алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Айта кетейік, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен жұмысының нәтижесінде биыл қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, Түркістан облысы республика бойынша бірінші орынға шықты. Өңірде инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, өндірістік парктерді дамыту, өнімді терең өңдеу, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы жобаларға басымдық беріліп келеді.