Тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. Пәтерлер жеңілдетілген несие бағдарламалары аясында берілді. Жалпы, жыл басынан бері 2 700-ден астам шымкенттік баспаналы болса, жыл соңына дейін тағы 4 700-ге жуық азаматқа пәтер кілті табысталмақ.

Нават Исаева төрт баланың анасы. Оның көп балалы ұлы екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Тұрғын үй кезегіне 2019 жылы тұрған. Баспана 2 пайыздық жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы берілді.

НАВАТ ИСАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Менің балама беріліп жатыр. Бүгін балам сіздердің де арқаларыңыз деп, бізді ертіп келіп әкімнің қолынан өзімізге табыстасын деп міне, анасымын.  Енді қуанышымызда шек жоқ. Алла разы болсын. Қуаныштымыз. Көп рақмет.

Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков салтанатты түрде табыстады. Баспаналар 2 және 5 пайыздық жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы, Бозарық шағын ауданынан берілді.  

САЯТ ИСАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 Бүгінге дейін қала тұрғындарына жалпы саны 2 718 пәтер кілті табысталды. 1 710 отбасы несиелік пәтерге ие болса, 1008 отбасы жалдамалы үйлі болды. Жыл соңына дейін қалған 4 668 пәтермен қамтылу жоспарда бар. Оның ішінде 1 810 жалдамалы, несиелік 2 858 пәтер.

 Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған 7400-ге жуық азаматты баспанамен қамту жоспарлаған. Ал, қаңтар айынан бері қала тұрғындарына 2700-ден астам пәтер кілті табысталды.