Қазақстанда алимент төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді. Енді алимент төлемдері арнайы банктік шотқа аударылатын болады. Жаңа тәртіпке сәйкес, алимент алушы арнайы шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы тиіс.


Мұндайда арнайы шоттағы қаражат толық көлемде өз иесіне жетіп, баланың не еңбекке қабілетсіз адамның қажеттіліктеріне жұмсалады. Егер арнайы есепшот ашылмаса, борышкердің алимент төлеу міндеті өзгеріссіз қалады. Алайда оның деректемелері сот орындаушысына ұсынылғанға дейін өндірілген қаржы аударылмайды. Жаңа тәртіп алимент қаражатының тек мақсатты бағытта жұмсалуына бағытталған.