Respublica партиясы сайлауалды штабын ашып, үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Іс-шараға еліміздің 20 өңірі онлайн қосылып, өңірлік штабтар бір мезгілде жұмысын жандандырды. Партияның Шымкент филиалы үгіт-насихат жұмысын «Шымкентқұс» мекемесінен бастады. Онда еңбек ұжымымен жүздесіп, кандидатурасын ұсынған кандидаттар жұмысшыларға сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Биыл партия Құрылтай сайлауына 75 кандидат ұсынып отыр. Олардың 70 пайызға жуығы – отандық кәсіпкерлер. Ал үшінші мегаполистен ел үнін мінберде айту үшін үш кандидат бағын сынауда. Ауқымды науқан аясында партия өкілдері Шымкенттегі «Шымкентқұс» мекемесінің еңбек ұжымымен жүздесті. Жиында сайлауалды бағдарламаның төрт негізгі бағыты таныстырылып, ел тұрғындарының әлеуеті мен мүмкіндігін арттыру мәселелері сөз болды.
АСҚАР МОЛДАБЕК, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бізде 30-дан астам сенімді өкілдеріміз бар. 100-ден астам сайлау учаскесінде азаматтарымыз болады. Сонымен қатар, жүздеген қолдаушымыз үгіт-насихат жұмысына атсалысады. Respublica партиясы – жастардың партиясы. Ұсынылып отырған 75 кандидаттың орташа жасы – 40–41 жас. Біз жастар партиясы болғандықтан әрі кәсіпкерлікті қолдайтындықтан, креативті тәсілдермен жұмыс жүргіземіз. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде өте белсенді боламыз.
Өткен парламенттік отырыстың үш жарым жылында Respublica атынан түскен депутаттар 300-ге жуық түзету ұсынған. Оның 30-ға жуығы заң деңгейінде бекітілген. Ұлт денсаулығын қорғау үшін вейптерге толық тыйым салынды. Банк заңнамасына халықтың пайдасына шешілетін өзгерістер енгізілді, дейді Құрылтай депутаттығына кандидат Олжас Жүнісов.
ОЛЖАС ЖҮНІСОВ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Өткен парламенттік отырыстарда Respublica партиясы атынан түскен депутаттар көптеген заңға түзету енгізу туралы ұсыныстар беріп, олардың біразы қолдау тапқан. Мәселен, креативті индустрияға жаңа серпін берілді. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау – басты назарда болды. Бұл жолғы сайлауалды бағдарламамыз төрт бағыттан тұрады. Біз қауіпсіздік, тиімділік, әл-ауқат және жауапкершілік бағыттарын қамтитын боламыз. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді және қоғамда орын алып жатқан өзекті проблемаларды билік алаңында көтереміз.
Партияның басты идеясы – елімізге жаңаша көзқараспен келіп, реформалар арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру және халық пен билік арасындағы диалогты күшейту.