Бүгін «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері мен депутаттыққа кандидаттар «Оңтүстік» телеарнасының ұжымымен кездесті. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, алдағы жоспарлары баяндалды.


 Штаб өкілдерінің айтуынша, сайлауалды науқан аясында қала бойынша 528 іс-шара өткізу жоспарланған. Онлайн және оффлайн форматта өтетін кездесулерге 700 мыңнан астам сайлаушыны қамту көзделіп отыр. Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, партияның он бағыттан тұратын бағдарламасын талқылады.


«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТІ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛДЫ


Ал өткен аптада «Әділет» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Түркістан облысынан бастады. Бір күндік жұмыс сапары аясында партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.


Жиын барысында олар «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Айтуларынша, құжат жеті негізгі мақсат пен он басым бағыттан тұрады. Бағдарлама экономиканы дамытуға әрі әлеуметтік саясатты жетілдіруге бағытталған. Тұрғындардың мәселелерін тыңдаған өкілдер алдағы уақытта түйткілдерді шешуге атсалысатындарын жеткізді. Ал іс-шара соңында Айбек Арқабайұлы партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді табыстады.