Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде қайтарылған активтер есебінен жаңа тұрғын үй корпусы пайдалануға берілді. Заманауи ғимарат 300-ден астам тәрбиеленушіге қауіпсіз, жайлы әрі қолайлы ортада білім алып, тұруға мүмкіндік береді.

 Әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Шымкент қаласының прокуратурасына және қала әкімдігіне интернат ұжымы мен тәрбиеленушілері алғысын білдірді. Жаңа корпуста тәрбиеленушілердің жайлы тұруы мен білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған.