Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке қабылдауына жазылған Тұран ауданының тұрғындарын аудан әкімі мен жауапты басқарма өкілдері қабылдады.
Қабылдауға қала әкімі аппараты басшысының орынбасары және жолданымдарды қарауды бақылау бөлімінің басшысы қатысты. Кездесу барысында тұрғындар жол, жер, тұрғын үй, кәріз жүйесі, газ және электрмен жабдықтау, қоғамдық көлік, абаттандыру, спорт алаңдарын жаңарту, сондай-ақ мектеп құрылысының заңдылығына қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар жүктелді.