Қазақстан мен Франция білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және халықаралық байланысты нығайту жайы сөз болды. Кездесу соңында тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтып, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.