Былтырдан бері мемлекет меншігінде болған Шымкент теміржол вокзалы қайта жекеменшікке өтті. Бірақ сатып алу құқығынсыз, сенімгерлік басқаруға берілді. Электрондық сауда алағында анықталған жаңа басшылыққа бірқатар талаптар қойылып отыр.
Басқарушы тұлға тендер де көрсетілген талаптарды орындап, 10 жыл ішінде вокзал қызметін жүйеге қоюы керек. Ол үшін жұмыс орындарын сақтап, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауы тиіс. Вокзалдың өткізу қабілетін тәулігіне 2 мыңнан 6 мыңға дейін ұлғайтып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуі керек. Теміржол вокзалы 2021 жылдан бастап мемлекет меншігіне өткен. Бірақ нысанды күтіп ұстау үшін бюджет қаржысын пайдалануға заң тетіктері рұқсат бермейді. Содан бері бірқатар қиындықтар туындап, мәселе қордаланып қалған.