Шымкентте қалалық мәслихат депутаттары біліктілігін арттырып жатыр. Олар жаңа заман талабына сай менеджер болуды меңгеру үстінде. Бұл туралы журналистерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мәлімдеді. Болашақ шенеуніктер академияда не меңгереді?

Академия филиалы базасында жыл басынан бері 481 адамның 5 қайта даярлау курстары мен 19 семинарда оқытылуы жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін нақты 660 мемлекеттік қызметшілер 31 біліктілікті арттыру семинарлары мен  5 қайта даярлау курстарынан өткен. Спикердің айтуынша, қаланың мемлекеттік және әкімшілік лауазымды қызметкерлері жоғары білікті кәсіби маман ретінде қалыптасып, алған білімдерінің арқасында өз саласында жоғары құзыреттілігі бар маман болуына, сондай-ақ, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін 4 қайта даярлау курстарында 95 тыңдаушылардың стратегиялық ойлауы мен болашақ құзыреттіліктерін көтеруге,  тиімді коммуникациялық дағдыларын арттыруға және өңірлік компоненттерге басымдық береді.
 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған 16 мемлекеттік қызметшілерге арналған 1 қайта даярлау курстарында лауазымды тұлғалардың стратегиялық менеджмент және көшбасшылық тұрғыдан, жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару,  тиімді коммуникациялық құзыреттіліктері мен өңірлік компоненттер сүйене отырып оқыту бағдарламасы құралады. Дәрістерді филиалымыздың білікті профессорлары мен доценттері және арнайы конкурстан өткен тренерлер өткізеді. Қазіргі таңда Шымкент қалалық мәслихат депутаттары арнайы курстан оқып жатыр.