«Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанатты өтті. Меркелік кешке Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысты. 

«Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Жыл сайын қарқынды жұмыс атқарып келе жатқан еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды. Ұймының негізгі мақсаты – ең алдымен жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау дейді. 

 «Жасыл ел» еңбек жасағында белсенді жастарымыздың қатары қалың. Міне солардың бірі Аяулым Леспаева. Ол бұл жасақта жүргеніне 2 жыл болған. Айтуынша бұл жұмыс арқылы бос уақыттын тиімді пайдаланып келе жатқаның айтады. 

Мерекелік кеш соңында бірқатар ерікті жастарымыз арнайы диплом қағаздармен де марапатталды. Жасыл елдегі жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Бұл жұмыс алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.